0
Музыка онлайн » Новинки » Наркенже Серікбаева - Қадірле ата-анаңды тірісінде

Наркенже Серікбаева - Қадірле ата-анаңды тірісінде

постер песни Наркенже Серікбаева - Қадірле ата-анаңды тірісінде
  • Размер: 13.2 Mb
  • Длительность: 05:46
  • Качество: 320 kbs
Добавить в избранное
Слушать
Скачать

Текст песни

Қадірле ата-анаңды тірісінде, бірін бақ, бірін байлық , ырысың де
Алдыңда ата-ананың бағаланбас, алтынды, гауhар, жауhар, кумісің де
Анаңды айялай біл ақ сут берген, еей төрт бөліп тәтті уйқысын түн ішінде
Әкеден қарғыс емес, алғыс алсын жұмақтың жүрем десе кім ішінде
Ата-анаң жынды болса байлап баққын, бұл нақыл үлгі кыз бен ұл үшінде
Себебі дайын олар ол бастан-ақ, бала деп отқа тусіп, у ішуге

Термелеп сөз айтамын саналыға, бұрынғы өлмесін деп баба мұра
Абайла ата-анаңыз налымасын, қарайла қай қалмасын қабағына
Ұрпаққа ұлағатты болғын келсе-ей, еей сыйлағын әкені де ананы да
Атаңа не жасасан алдыңа сол келеді деген мәтел балалыға
Аялап алақанға салып өтпесен, жәннәттің иісі бармас таңауына
Ғаламнын ғаламатын жиып терсең, анаңнын татымайды табанына

Жамағат жақсы білер жұма барған, өмірде артық жан жоқ ұлы анаңнан
Анаңды сыйла деген пайғамбарда, қолына қасиетті құран алған
Тіріде төбеңізге көтеріп жүр, аай шуақ болып шапағаты шығар алдан
Жатыр ғой күні біткен кунде кетіп, құтылмас ешкім қашып сұм ажалдан
Сан шауып қалмағайсын асылдардан, басыңнан көшкен шақтан мына жалған
Орыны ойсыраған тола қоймас, жеті күн жер бауырлап жылағаннан

Өсиет айтам жайсан жамағатқа, керегін алар әркім саралапта
Қараусыз қалдырып жур ата-анасын, кей біреу кеткеннен соң балағатқа
Күнәсін құдай оның кешер ме екен? Еей қалған соң надан дейтін жаман атқа
Әлпештеп жургендер бар ата-анасын, қайтейін қарашы елді қаралапта
Солардың барлығына тәубе деймін, бақыттың басы дәйім қанағатта
Ағайын ата-ананы ардақтайық, сай болып адам дейтін саналы атқа
Ағайын ата-ананы ардақтайық, сай болып адам дейтін саналы атқа
Здесь можете Вы можете скачать новую песню Қадірле ата-анаңды тірісінде в mp3 бесплатно в хорошем качестве 320 кбит или слушать музыку от Наркенже Серікбаева онлайн, со своего телефона на Android, ipad в любое время.